МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ “ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ” ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Елімізде электронды үкімет құру идеясын Елбасы Н.Назарбаев өзінің республиканы әлемдегі бә¬секеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. Міне осыдан бастап елімізде «Электрондық үкімет» порталы құрылып, жұмысын жүргізуде. 

Сонымен бірге, үкімет қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, әр бір салада цифрлық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Бүгінгі таңға мемлекеттік органдар тарапынан халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көптеген түрлері автоматтандырылып, электронды түрде көрсету мүмкіндігіне ие.

Осы бағыттағы іс-шараларды іске асыру мақсатында аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен кенттер және ауылдық округтері әкімдері аппараттарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында (мектептер) «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары ашылып, тұрғындарға қажетті қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері қарастырылған.

Порталда әлеуметтік, экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша көптеген ақпараттық қызмет көрсетіледі. Портал ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қызметтер мен ақпараттарды электронды үкімет порталынан алу үшін әрбір азаматтың өз электронды цифрлық қолтаңбасы (кілт) болуы тиіс.

Электронды цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу мен электронды қызметтер алудың ыңғайлы қадамдық іс-әрекеттерінің бейнероликтері Мақтаарал ауданы әкімдігінің «Maktaаral.gov.kz» ресми интернет-ресурсының (веб-сайт) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орнатылған.

Электронды Үкімет порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпараттарыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады.

Ерлан Тұрымбетов, 
Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының 
ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет 
көрсету мониторингі және мемлекеттік 
құпияларды қорғау бөлімінің басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған