АУДАН ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен арнайы құттықтады. 

Қазіргі таңда ауданымызда Ұлы Отан соғысына қатысқан 3 ардагер ғұмыр кешуде. Атап айтқанда, аудан басшысы Атакент кентінде тұратын Николай Дзецина, Еңбекші ауылдық округінде тұратын Бектас Махсутов, Мырзакент кентінде тұратын Сайтмурат Кузжановтардың шаңырағында болды.

“Сізді 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Сіз сұрапыл соғыс майданында қасиетті Отанымызды қорғау жолында жеңіске жету үшін аянбай соғыстыңыз. Батылдығыңыздың, отансүйгіштігіңіздің арқасында албырт жастығыңызға қарамай өз өміріңізді қатерге тігіп, бүгінгі жас ұрпақтың бейбіт өмір сүруіне үлес қостыңыз. Сізді келешек ұрпақ әрқашан жадында сақтайтын болады” – деді, ізгі тілегін арнаған Бақыт Насырханұлы.

Жалпы аудандық мәслихаттың шешімімен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 100 АЕК, концлагерде тұтқында болғандарға 10 АЕК мөлшерінде, тыл ардагерлеріне 5 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы берілді. Сондай-ақ, ауданымыздағы демеушілер есебінен түрлі сый-сияпаттар ұйымдастырылуда.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған