ЖЕҢІС КҮНІ – ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ МЕРЕКЕ

Құрметті қаһарман ардагер ағалар! 

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс мерекесі – әлемде теңдесі жоқ, елдік пен ерліктің, ержүректік пен батырлықтың, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі.
Бұл-халқымыздың мызғымас бірлігінің, беріктігінің арқасында келген қуаныш пен шаттыққа толы мереке.

Баршаңызды бүгінгідей айтулы мереке күндеріңізбен құттықтай отырып, өздеріңізге зор денсаулық, жарасымды көңіл-күй, баянды бақыт, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке, ынтымақ тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал аудандық 
мәслихаттың хатшысы

Қ.Сәрсекбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған