М.ТҰРҒАРАЕВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Құрметті мақтааралдықтар! 
Назар аударыңыздар!!! 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің 2019 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен Кеңес мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі түзілген.

Аталған кестеге сәйкес, Кеңес мүшесі, Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Тұрғараев Мұхит Бекетұлы ағымдағы жылдың 28 мамырында сағат 10-00-де азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Жеке қабылдау Департамент ғимаратында (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/з ғимарат (Департаменттер үйі, қызметтік с.т. 8 725-33-5-94-72і) өтетінін хабарлаймыз.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған