МЫРЗАКЕНТ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫНА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде кент әкімінің кубогына арналған спартакиада өтті. Кіші футбол, арқан тартыс, үстел теннисі, шахмат, 100 метрге жүгіру сиқты спорттың бірнеше түрінен өткен дүбірлі додаға кент аумағындағы білім беру мекемелерінен жинақталған 7 команда қатысты. 

Жарысты салтанатты түрде ашып берген кент әкімінің орынбасары Әбдіғаппар Биболов спортшылар мен командаларды қызықты әрі тартысты ойын көрсетуге шақырды. Сондай-ақ, жарысқа қатысуышларға сәттілік тіледі.

“Мырзакент кенті мақталы Мақтаарал ауданының орталығы болғандықтан, қалашығымыздың тұрғындары басқаларға үлгі болуы тиіс. Білім, спорт, мәдениет, өнер тағы басқа салалар бойынша үздік нәтижелерден көрініп, ауданымызды алға сүйрейтін қозғаушы күшке айналуымыз керек. Сондықтан да, бүгінгі жарыста барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, “аудан орталығының тұрғыны” деген атқа лайық ойын көрсетулеріңізге тілектеспін!” – деді Ә.Биболов.

Спартакиада бір күнге жалғасып, үздік спортшылар мен командалар анықталды. Жеңімпаздар кент әкімінің дипломымен марапатталып, демеушілер тарапынан ұйымдастырылған бағалы сыйлықтарға ие болды.

“Кіші футбол”
І орын – С.Рахимов ЖОМ
ІІ орын – А.Пушкин ЖОМ
ІІІ орын – Абылайхан ЖОМ

“Шахмат”
І орын – С.Исламов
ІІ орын – О.Анарқұлов
ІІІ орын – Б.Атаханов

“Үстел теннисі”
І орын – Р.Сапархан (Абылайхан ЖОМ)
ІІ орын – Ш.Сейдеханов (Пушкин ЖОМ)
ІІІ орын – Б.Жолдасов (С.Рахимов ЖОМ)

“100 метрге жүгіру”
І орын – М.Мамедов (Пушкин ЖОМ)
ІІ орын – Д.Лесбек (С.Рахимов ЖОМ)
ІІІ орын – Б.Арғынов (Абылайхан ЖОМ)

“Арқан тартыс”
І орын – Абылайхан ЖОМ
ІІ орын – Пушкин ЖОМ
ІІІ орын – С.Рахимов ЖОМ

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған