МАҚТААРАЛДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Күн жылынды дегенше түрлі ауру-сырқаудың да өршитіні белгілі. Әсіресе, кенеден келетін кесір адам өміріне өте қауіпті. Осы орайда энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданында көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ағабек Абдиев хабарлады. 

Қазіргі таңда Мырзакент пен Атакент кенттерінің саябақтары мен адамдары көп жүретін орындарында, сонлай-ақ аудан аумағындағы барша тұрғындардың мал қоралары мен үй-жайларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Үлкен жол бойлары мен егіс алқабының жанындағы шөбі шүйгін жерлерде де мұндай шаралар іске асырылуда.

“Кенеге қарсы улау жұмыстарының тиімділігі мал қораларының механикалық жағдайына да байланысты болатындықтан, залалсыздандыру жұмыстары басталар алдында қора-жайлардың қилар мен қоқыстардан тазартылғаны дұрыс. Науқан ұтымды ұйымдастырылса, кене саны кеміп, одан жапа шегетіндер де азаяды. Қырым-қанды қызбасы аса қауіпті аурудың қатарына жататындықтан, мамандар мейлінше сақ болуға шақырады. Ал малы бар шаруалар төрт түлігін дер кезінде залалсыздандыруға жағдай жасаулары тиіс” – деді А.Абдиев.

Жалпы Мақтаарал ауданында эпизоотиологиялық іс-шаралар да қарқынды жүргізіліп келеді. Ол үшін аудандық ветеринария бөлімі тарапынан арнайы кешенді жоспар түзілген. Биыл жергілікті бюджеттен 7 миллион теңгеден аса қаржы бөлініп, 1676 қаңғыбас ит және 93 бас мысықтың көзі жойылды.

Бұдан бөлек, құтыру, аусыл, лептомпироз, пастереллез, сібір жарасы, эхинококкоз, оспан, эмкар, брадзот, эктима, туберклез ауруларына қарсы мыңдаған жануарларға түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған