ОЛАР БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ЛАЙЫҚТЫ!

Құрметті бүлдіршіндер!
Сіздерді 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр уақытта аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспін!

Елдің ертеңі болар жастарымыз балалар! Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар мейірім төтемі. Бүлдіршіндердің әрдайым жолы ашық болсын, ойлаған армандарына жетіп, біздердің қуанышымыз болсын! Балаларымыз ата-әжелерімен, ата-аналарымен, бауырларымен, ағайын-тумаларымен бірге бәріміз мейрамнан мейрамға аман-есен жете берейік!

Балаларды қорғайық, себебі бақытты балалық шаққа олар лайықты!

 

Ізгі ниетпен, 
Мақтаарал аудандық
мәслихаттың хатшысы 
Қ.Сәрсекбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған