МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АНТ БЕРУ РӘСІМІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН ТАМАШАЛАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ант беру рәсімі өтті.

Рәсімге елбасымыз, ҚР-ның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қатысты. Айтулы жиынды Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұжымы тікелей эфирден көріп, тарихи оқиғаның куәсі болды.

Конституцияға сәйкес, Республика Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып, ант қабылдады. Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Тарихи жиын барысында Қ.Кемелұлының мемлекетімізді дамытудың басым бағыттары туралы айтқан сөздерін аппарат қызметкерлері мұқият тыңдады.

 

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған