МАҚТААРАЛДЫҚТАР КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Кеше аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған құтқару тобы мен азық-түлік тиелген жүк көліктері төтенше жағдай орын алған Арыс қаласының Монтайтас елді мекеніндегі “Монтайтас” жалпы орта мектебінде орналасқан эвакуацияланған тұрғындарды жайғастыру бекетіне жол алғанын атап өткен болатынбыз. Ал, бүгін “Мақтаарал – Арыс халқымен бірге!” ұранымен Мақтаарал ауданы әкімдігі және аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен демеушілік тарапынан көрсетілген көмектерді жинақтау пункттері ашылып, арыстықтарға көмек беру үшін әрбір мақтааралдық ат салысуда. 

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі арнайы бекітілген Арыс қаласының Монтайтас елді мекеніндегі “Монтайтас” жалпы орта мектебінде орналасқан эвакуацияланған тұрғындарды жайғастыру бекетінде азық-түлік жеткілікті болғандықтан, негізінен тұрғындар тарапынан гигиеналық заттарға сұраныс түсті. Осылайша мақтааралдықтардың ауыз-біршілігінің арқасында 600 дана сүлгі, 1000 дана тіс щеткасы, 60 дана тіс пастасы, 80 дана сабын, 20 дана кір сабын, 30 дана шампунь, 6 қорап памперс және 300 дана көрпе-төсек пен жамылғылар, 1 тонна ауыз су арыстықтарға жеткізілді.

Арыс қаласынан Мақтаарал ауданына 24-25 маусым күндері жалпы саны 7 отбасы, оның ішінде 37 адам туған-туысқандарының үйіне келіп орналасқаны анықталды. Атап айтқанда, Мырзакент кентінде 3 отбасы, Атакент кентінде 1 отбасы, Бірлік ауылдық округінде 1 отбасы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде 1 отбасы, Жамбыл ауылдық округінде 1 отбасы қоныстанғаны белгілі болды.

Қоныстанған азаматтардың мекен-жайларын штаб мүшелері аралап көріп, жағдайымен танысып, азық-түлік, киім-кешек және гигиеналық заттармен қамтамасыз етіп, медициналық көмектер көрсетіп жатыр.

#арыспенбіргеміз
#меніңарысым
#мақтаарал
#мырзакент
#атакент

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған