“БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА МАҚТААРАЛДЫҚТАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін республикалық “Бірге – таза Қазақстан” жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке мақтааралдықтар белсене атсалысты. 

Мақтаарал ауданы – елімізді көршілес Өзбекстан Республикасымен байланыстыратын негізгі қақпалардың бірі. Мұнда күніне шекара асып, келіп-кететін көрші ел азаматтарының саны басым. Келген қонаққа қазақтың қонақжайлылығы мен пейілін, мәдениетін көрсету үшін бүгінгі жалпыхалықтық экологиялық акцияның маңызы зор.

Таң азанымен көшеге шыққан мақтааралдықтар жекеменшік үйлерінің алдын, қора-қопсылары мен көшелердегі арық-атыздарды, суағарларды тазалап, жол бойларындағы шөптерді шапты. Ретсіз өскен ағаштарды бұтап, қурағандарын қазып алды. Сондай-ақ, үлкен жолдардың бойы мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты.

Акцияға қатысушы белсенді тұрғындар мен әкімдік қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орталық базар мен автобекет, сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тазалық шарасына жаппай қатысуға үгіттеді. Тәртіп пен мәдениеттің тазалықтан басталатынын айтып, тұрғындарды санитарлық тазалықты қатаң сақтауға, көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Айта кетейік, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасынан жіберілген 5 қызметкер қолдарына күрек ұстап, мақтааралдықтармен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты.

#Birge #TazaQazaqstan

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған