Сұрақ-жауаптар (29.07.2019)

Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуіме болады ма?

Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға міндетті. Зейнетақы жарналарының жиілігі жинақ көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өтілге де байланысты. Жүйедегі өтіл базалық зейнетақыға тікелей әсер етеді. Зейнетке шығуға әлі уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл сіз үшін жүйеге белсенді қатысудың тағы бір ынталандырушы көрінісі.

ҚазақстанРеспубликасның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгілі санаттағы тұлғалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған:

1)Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар (еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толған кезде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – әйелдер 58,5 жасқа толғанда, одан әрі жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 63 жасқа толғанда);

2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;

3)әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;

5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.

       Бұл тізімге кірмейтіндердің барлығы зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлейді,сол арқылы өзінің жеке зейнетақы капиталын қалыптастырады.


Жақын уақыттан бері кенші болып жұмыс істеймін. Маған түсіндіргендей, жұмыс беруші ай сайын 10%міндетті зейнетақы жарналарымен қоса,  5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз есебінен аударуға тиіс екен. Салымдардың дер кезінде аударылғанын қалай қадағалуға болады? Жұмыс беруші салымдарды аудармай, уақытынан кешіктіріп жатса оған қандай шара қолданылады?

Әрине, зейнетақы шотының, міндетті және міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының жай-күйін әркез тексеруге болады. Осыған орай, БЖЗҚ сізге барлық жағдайларды жасап отыр. Мысалы, БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне баруыңызға болады. Онда шоттың жай-күйін біліп, сондай-ақ, ақпарат алу тәсілін таңдау туралы қосымша келісім жасауға болады: жылына бір рет әдеттегі пошта хаты арқылы немесе сіз таңдаған кезеңділікпен көрсетілген мекенжайға электрондық хат жіберу арқылы. Интернет арқылы ақпарат алу ең ыңғайлы болып табылады. Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы шотыңызды тексеруіңізге болады. Осы тәсілді пайдалану арқылы жеке шотыңызды кез келген ыңғайлы уақытта қадағалай аласыз. Егер сізде электрондық цифрлық қолтаңба болса, онда үзінді көшірмеңізді тексеріп, Қорға бармай-ақ ақпарат алу тәсілін таңдай аласыз.

Енді міндетті кәсіби зейнетақы жарналары(МКЗЖ) ұғымына түсініктеме бере кетейік. МКЗЖ жұмыс берушінің өз пайдасы есебінен жұмысшы пайдасына аударылатын 5% қосымша жарнасы болып табылады. Қосымша жарна аудару себебі, кеншілер қауіпті, денсаулыққа зиянды еңбек жағдайларында, өндірістік орындарда жұмыс істейтін мамандықтар тізіміне кіреді. Денсаулыққа зиянды, өмірге қауіпті ортада жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін қосымша зейнетақы жарналары аударылады.

Егер жұмыс беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте және мерзімде арнаулы салық режимі қолданылатын шаруашылық субъектісі болмаса, табыстарды төлеу айынан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей МКЗЖ төленіп отыруы тиіс. МКЗЖ уақытылы аударылуын салық органдары қадағалайды. Ал егер жұмыс беруші дер кезінде Сіздің зейнетақы шотыңызға қаражат аудармаса, салық органдары жұмыс берушіден әрбіркешіктірілген күн үшін есептелген сыйақы сомасымен бірге БЖЗҚ-ғы шотыңызға ай сайынғы салымды аудартады.


Қазақстанда зейнетақы жарналарының сақталуының қандай кепілдіктері бар?

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында  көрсетілгендей мемлекет жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді 2003 жылы қолға алды. Сол уақыттан бастап мемлекет жеке зейнетақы шоттарындағы қаражатты қорғауды өз міндеттемесіне алды. Бұл іс жүзінде жасалған жарналар көлемінде ғана емес, сонымен қатар инфляцияны ескере отырып жүзеге асырылады. Егер зейнеткерлік демалысқа шығу уақытында жинақ инфляцияға қарағанда төмен болса, онда бұл айырмашылық республикалық бюджет есебінен өтеледі. Бұл механизм қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы төмендеген кезде 2009 жылдан бері белсенді түрде жұмыс істеп келеді.

Қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты зейнетақы активтерін инвестициялаудың кірістілігі инфляция деңгейінен жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Осыған байланысты іс жүзінде жасалған жарналар мен нақты жинақ көлемі арасында айырмашылық бар. Демек, қызметкер зейнетке шықса, жинақталған зейнетақы жүйесіндегі барлық кезең үшін инфляция деңгейіне байланысты өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының табыстылығын есептейді. Инвестициялық кіріс инфляция деңгейінен асып кетсе, онда салымшыға мемлекеттік кепілдік төленбейді. Мемлекет тарапынан кепілдік табысы инфляция деңгейінен төмен болатын тұлғаларға ғана беріледі.

Мемлекеттік кепілдік зейнетақы төлемдерін алуға құқығыбар салымшыларға төленеді. Бұл құқыққа: зейнеткерлік жасқа толған адамдар, мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған І және ІІ топтағы мүгедектер, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтар, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие болады. Мемлекеттік кепілдік алуға құқығы бар салымшы қайтыс болған жағдайда, қаражат мұрагерлерге аударылады. Бұл үшін өтініш пен жеке куәліктің көшірмесінен басқа мұрагерлерге қайтыс болу және мұраға құқық туралы нотариалды куәландырылған куәліктерді ұсынулары қажет.


Мен 2-ші топтағы мүгедекпін. Өзімді қызықтыратын сұрақтар бойынша жеке кеңес алғым келеді. Осы ретте қызметкерлер үйге келіп, маған қызмет көрсете алады ма?

Иә, әрине. 1 және 2 топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар үйлерінде кеңес ала алады. Осы мақсатта Қорда «Мобильді агент» қызметі бар – ол денсаулығына байланысты кеңсеге өз бетімен бара алмайтын адамдарға баратын қызметкер. Осы қызмет түріне ие болу үшін сайтта өтінім қалдырып немесе 1418 нөміріне қоңырау шалу керек.

Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін Қор қызметкерлері алдын-ала қоңырау шалып, келетін күнін және уақытын хабарлайды. Сондай-ақ, әр қызметкерде қызметтік куәлігі болады, сондықтан күмән туындаса, сіз 1418 нөмірі арқылы Қордың байланыс орталығына хабарласып, осындай маманның шынымен БЖЗҚ-дақызмет жасайтынын біле аласыз.

«Мобильді агент» сапалы жұмыс істеу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған: ноутбук, USB-модем, құжаттарды сканерлеуге, шығаруға арналған портативті көпсалалы құрылғы және т.б. Мұның бәрі салымшыларға БЖЗҚ-ның барлық қызметтер түрін алуға мүмкіндік береді: кеңседен тыс мамандар үзінді көшірме мен келісімшарт көшірмесін береді. Сондай-ақ, кеңес беріп, үзінді көшірме салынған конвертті күтпейтіндей, кез келген уақытта смартфон немесе компьютер арқылы өзінің жеке кабинетіне кіріп, барлық қажетті ақпаратты көре алатындай хабардар ету тәсілі туралы қосымша келісімдер жасайды.


Біз БЖЗҚ кеңсесі жоқ шалғай ауданда тұрамыз. Енді барлық қызметтерді Қазпошта бөлімшелерінен алуға болатыны жайлы естідім. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Дұрыс ақпарат. 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты. Бүгінгі күні 94 елді мекен тұрғындары Ұлттық пошта байланыс операторы арқылы келесі қызмет түрлерін ала алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру).
  • ақпараттандыру тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қою (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

«Қазпошта» АҚ арқылы қызмет көрсетуге Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының елді мекендері қосылған.

Сіздің елді мекеніңіз біздің қызметтер көрсетілетін тізімде бар/жоғы жайлы Қор сайтынан біле аласыз  https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php

БЖЗҚ кеңселері жоқ шалғай елді мекендер мен аудандар үшін «Казпошта» АҚ-да «Мобильді кеңсе» көшпелі қызмет көрсету бөлімі сәтті жұмыс істейді, ол online режиміндебарлық қызметтерді ұсынады.

 «Мобильді кеңсе» – ол барлық қажетті техникамен және спутниктік байланыспен жабдықталған заманауи жоғары технологиялық микроавтобус. Бұл жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы барлық қызметтерді ұсынады және кеңседен еш кем емес: мұнда операторлар үшін екі автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған жұмыс бөлімі, азаматтар үшін отыратын орындар және күтушілер үшін қосымша қарастырылған үш орынды орындықтар бар. Бір келгенде «Мобильді кеңсе» қызметкерлері орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетеді.

«Мобильді кеңсе» арқылы Қор бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтер түрін алуға болады. Атап айтқанда – жеке зейнетақы шотын ашу, ақпараттандыру тәсілін өзгерту, шоттан үзінді көшірме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беру.

Шалғай аудандарға көлік алдын-ала жоспарланған кесте бойынша жол жүреді. Барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, тұрғындар мамандардың келуіне дейін хабардар болады. Сондықтан сіз жергілікті атқарушы органға елді-мекеніңізді сапар кестесіне қосу туралы өтінішпен хабарласыңыз.


Алгоритмдіжеңілдету-уақытты үнемдеу

«БЖЗҚ» АҚ қызметкөрсетудіоданәріжетілдіруде. ЕндіҚорсайтынданегізгітөлемтүрлерібойыншаұсынылатынқұжаттардыалдын ала тексеругеболады.

enpf.kzсайтында «Электрондыққызметтер» бөліміндесалымшылар мен төлем алушыларғаыңғайлы болу үшінқажеттіқұжаттарды пошта байланысыарқылыҚорғаұсынылуымүмкінтөлемтүрлерінесәйкестігінтексерумүмкіндігі бар.

Сайттақұжаттардытексеруқызметінкелесітұлғалар ала алады:

– еріктізейнетақыжарналарыесебінен БЖЗҚ зейнетақытөлемдерінеқұқығыбарлар;

– мерзімсізуақытқатағайындалған 1,2 топтардағымүгедектігібарлар;

– ҚазақстанРеспубликасынантысжерлергетұрақтытұруғақоңысаударғандар;

– қайтысболғансалымшы / алушыныңзейнетақыжинақтарыныңмұрагерлері.

Құжаттарды алдын ала онлайн-тексеру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ХҚО арқылы жасына байланысты төлемдерді алуға құжаттарды ұсынған кезде және жерлеуге төлемдер алу кезінде жүзеге асырылмайды, себебі мұндай құжаттар Қорға жеке жүгінген кезде беріледі.

Құжаттарды алдын-ала тексеру үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау керек:

– сканерді баптау;

– форматы – A4 қағазын пайдалану;

– құжаттарды jpg/tif форматында сканерлеу және сақтау;

– көп парақты құжаттар бір файлда сақталуы тиіс;

– түсі бойынша сканерлеген кезде, суреттің сапасы 300 dpi форматында қолданылуы тиіс, себебі бұл формат құжаттардың анықтығы мен оқылуын қамтамасыз етеді.

Ұсынылатын құжаттар келесі шарттарға сәйкес келуі керек:

– зейнетақы төлемдерінің түрі бойынша, сканерленген құжаттардың толық пакеті зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды БЖЗҚ-ға ұсыну әдісіне байланысты құжаттардың тізбесіне сәйкес ұсынылуы тиіс;

– зейнетақы төлемдерінің түрлері бойынша барлық құжаттарды  түрлі түсті сканерлеу қажет (құжаттың түпнұсқасы талап етілген жағдайда құжаттың түпнұсқасын сканерлеу қажет, бұл ретте-шетелдік паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлігінің/Қазақстан Республикасы азаматының паспортының түпнұсқасынан белгілері барсканерленген беттерді ұсынуға жол беріледі);

– түрлі түсті сканерленген әрбір көшірменің өлшемі 2 МБ-тан аспауы тиіс.

Зейнетақылық төлем түріне және БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне байланысты құжаттар тізімі «Алушыларға қызметтер» бөлімінде қолжетімді.

Бұл қызметті алу үшін сіз https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.phpсілтемесіне өтуіңіз керек.

Аталған қызмет түрі уақытты үнемдейді және барлық қажетті құжаттарды түзетуге/толықтыруға мүмкіндік беріп, қойылған талаптарға сай болуға септігін тигізеді.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған