МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудан әкімі м.у.а. Бейсенбай Төребеков аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Байымбетов Мұқан Халсаттарұлын аудан активіне таныстырды. 

Б.Төребеков жаңа басшыны тағайындалған қызметімен құттықтап, алдағы ісіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, оның өмірбаянын оқып беріп, жаңадан тағайындалған орнына нағыз лайықты кадр екенін атап өтті.

Мұқан Халсаттарұлы 1979 жылы Шымкент облысы Киров ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік универитетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Мақтаарал ауданы, Қызылқұм ауылдық округінде бас маман-заңгер міндетін атқарушы болып бастап, кейіннен бас маман-заңгер болып қызметін жалғастырған.

2008 жылдан бастап Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында заң бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, аудан әкімінің көмекшісі, ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымдарында абыройлы қызмет етті.

2017 жылы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін Жаңажол ауылдық округінің әкімі лауазымында еңбек етіп келді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған