МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а. Бейсенбай Төребеков аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін, аудандық жастар ресурстық орталығының және аудандық мәдениет үйінің, аудандық тілдерді дамыту орталығының басшылары және қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.

ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 37 бабына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29,30 баптарына сәйкес, аудан әкімінің м.у.а. Бейсенбай Төребековтың өкімімен Мақтаарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып Ташева Тамара Асанқызы тағайындалды.

Т.Ташева 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Мақтаарал ауданының спорт және денешынықтыру бөлімінде бас маман болып бастаған. Кейіннен Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында қоғамдық-саяси бөлімнің бас маманы, ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы және бас инспекторы лауазымдарында қызмет жасады.

2013 жылы Мақтаарал ауданы Қарақай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып, 2018 жылдан қазірге дейін Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің әкімі болып еңбек етіп келді.

#maktaaral_akimat
#мақтаарал
#мырзакент
#атакент

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған