СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ – ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ

Құрметті жерлестер! 
Мақтаарал ауданының тұрғындары! 
Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін – кез келген мемлекеттің ең осал тұсы. Сондықтан да, еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан қазіргі кезде алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.

Сондықтан да, бүкіл халық болып “Адал жолды таңдаймыз” атты жастар марафон-эстафетасын өткізудің маңызы зор.

Аталған марафон-эстафетаны Шардара ауданынан мақталы Мақтаарал ауданы қабыл алып, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне “мүлдем төзбеушілік” ахуалын жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту үшін ауданымызда 10 күн бойы түрлі іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және өзге де 30-ға жуық өткен спорттық, мәдени іс-шараларға 10 мыңдаған мақтааралдықтар қатыстырылды.

Осындай белсенділіктер арқылы халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін күш біріктіруге шақыру – біздің басты мақсатымыз болып қала бермек. Сондықтан, “Адал жолды таңдаймыз” атты жастар марафон-эстафетасын Мақтаарал ауданынан Жетісай ауданына табыстай отырып, баршаңызды қоғамның дерті болған сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырамын!

 

Құрметпен, 
Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а. 
Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған