МАҚТААРАЛДЫҚ 250 ОҚУШЫ “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП СӨМКЕСІ ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданында “Мектепке жол” акциясы аясында 250 оқушы мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.  Бас демеуші – HELIOS компаниясы.  

Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен өткен акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмектер көрсету болып табылады.

Жиын барысында сөз сөйлеген аудан басшысы оқушыларды басталғалы тұрған жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға оқу құралдары салынған мектеп сөмекелерін бір-бірлеп табыстады.

“Еліміздегі әрбір бала бақытты болуға лайықты. Қатарынан қалдырмай, болашағы үшін білім алуына жағдай жасау – акцияның негізгі мақсаты. Сондықтан, “Мектепке жол” акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қаматамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға жұмыла көмек беруге ауданымыздың барша қайырымды тұрғындарын шақырамын!” – деді Бақыт Насырханұлы.

Жалпы “Мектепке жол” акциясы ауданымыздың барлық кенттері мен елді мекендерінде, білім беру мекемелерінде өткізілуде. Қазіргі таңда аталған шараның аясында 3 мыңнан аса оқушыға түрлі көмектер көрсетілді.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша 2019-2020 оқу жылында 1-11 сынып аралығында 27374 оқушы білім алады деп жоспарлануда. Жаңа оқу жылын бастауға білім ұялары толық дайын.

#maktaaral_akimat
#мақтаарал
#мырзакент
#атакент

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған