МАҚТААРАЛДЫҚТАР ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АТСАЛЫСУДА

Күллі түркі әлемінің құтты мекені болған Түркістан қаласын түлетуге мақтааралдықтар да атсалысуда. Қаланы абаттандыру үшін Мақтаарал ауданы мен облыстық энергетика басқармасы 4-секторға бекітіліп, қазіргі таңда тазалық жұмыстары басталып кетті. 

Өткен аптаның соңында 4-секторда мақтааралдықтар сенбілік өткізді. Тазалық шарасына жалпы 110 адам қатысып, 500 қаптан астам күл-қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, дарақтар әктеліп, қураған бұталар мен арам шөптер шабылды.

Сенбілік барысында мақтааралдықтар секторға қарасты 66 көшенің барлығын аралап, тұрғындарды тазалық жұмыстарына тарту, олардың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін “Таза аула, таза үй, таза көше” деген атаумен акция өткізді.


#түркістандытүлету
#мақтаарал
#мырзакент
#атакент

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған