ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

Мақтаарал ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан іс-сапармен келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. 

Ең алдымен депутат Атакент кентінде салынып жатқан жаңа емхананың құрылысымен танысты. Емханаға дейін келетін жол, көпір мәселесіне қанық болып, оны шешуге ықпал жасайтынын айтты. Депутат басқа да тұрғындардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына толыққанды жауап берді.

“Елдің игілігіне қызмет ететін осындай заманауи емхана-ауруханалар, мектептер салынып жатқанда мемлекеттен қаралып жатқан қыруар қаржы есепсіз, мақсатсыз жұмсалмауы керек. Әрбір тиынның есебі болуы керек. Құрылыс сапасына да баса назар аударған жөн. Өйткені, сіздер мен біздер тұрғызған ғимараттарды бізден кейінгі ұрпақтарымыз да пайдалана алатындай болсын!”, – деді мәжіліс депутаты.

Мұнан соң Құдайберген Ержан шаруа қожалықтары басшыларының да көкейіндегі өзекті мәселелеріне назар аударды. Шаруалар ағын су жеткізу, субсидия, күзгі жиын-терімге дайындық бойынша өз ойларын ортаға салды.

Аудан әкімінің орныбасары С.Сұлтанханов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ө.Мырзамданов, Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Ә.Ибраев, Атакент емханасының бас дәрігері Ұ.Жұрымбетовалар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатына аудан көлемінде өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Халық қалаулысына өз өтініштерін айтқан азаматтар оның оңды шешілетініне сенім білдірді.

#maktaaral_akimat
#мақтаарал
#атакент
#мырзакент

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған