АТА ЗАҢДЫ АРДАҚ ТҰТҚАН ӨНЕГЕЛІ ЕЛІМІЗ ӨРКЕНДЕЙ БЕРСІН!

Құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.

Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.

Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!

 

Ізгі ниетпен,

Аудандық мәслихаттың

хатшысы Қ.Сәрсекбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған