МАҚТААРАЛДЫҚТАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ ХАЛЫҚҚА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН ЗОР ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұжымы арнайы ұйымдастырылған эфирден тамашалады. 

Аппарат қызметкерлері Президенттің Жолдауында айтылған тың бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, “Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі” атты бөліміндегі әлеуметтік салалар мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған жоспарларды жергілікті жерде орындауға құлшына кірісетіндіктерін айтты.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауын Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымдары және басқа да мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік мекемелердің ұжымдары жұмыс орындарында тамашалап, өзара пікірлер алмасты.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған