МАҚТААРАЛДЫҚТАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Президентіміз Қ.Тоқаев Жолдауында түрлі мәселелер, соның ішінде мемлекеттік тіл, мемелекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық сияқты бірқатар тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, келер жылы аталып өтетін маңызды мерей тойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталғандығын айта келе, келер жылы бәріміз Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық, Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдық мерейтойларын атап өтілетіндігін мені ерекше қуантты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұғалімдердің мәселесін де назардан тыс қалдырмай, “Педагогтардың мәртебесі туралы” жаңа Заң қабылдауды тапсырғанын – барлық ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады.

М.Серікбаев, 
Мақтаарал ауданының 
білім бөлімінің басшысы


 

ҚР Президенті К.Токаев 2019 жылғы 2-қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында – Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін.Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек деді. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге- Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігін айтты.Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенім білдірді.

У.Исламова, 
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

 


 

 

 

 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына арналған тұңғыш Жолдауында еліміздегі маңызды жайлар толық қамтылғанын көріп риза болдым. Әсіресе, Президентіміздің орта және шағын бизнестің дамуына жасалған кез-келген кедергілерді мемлекетке қарсы жасалған қылмыс ретінде қабылдау керек деген сөзіне дән риза болдым. Бұл әсіресе мен секілді ауыл шаруашылық саласында кәсіпкерлікпен айналысып жатқан азаматтар үшін ерекше маңызды деп есептеймін. Сондай-ақ, орта және шағын кәсіпкерлікке жаңа серпіліс беріп, тың жобаларға екпін беріп, Үкіметке “Бизнестің жол картасы” аясында алдағы үш жылда қосымша 250 миллиард теңге қаржы бөлдіру жөніндегі тапсырмасы кәсіпкерлік үшін үлкен қолдау деп есептеймін.

Илимов Зиядин Карсыбаевич, 
«Шаруа» шаруа қожалығының төрағасы, 
Достық ауыл округі.


Мемлекеттің Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауында мектеп бітірушілердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру ең негізгі мәселе екендігіне, яғни орта білім берудің ұлттық стандарты болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап баратындығын, білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқушылардың білім сапасына тікелей әсер ететіндігін тілге тиек етті. Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау керек екендігін де Президентіміз ерекше атап өтті. Біз бұл бастамалардың баршасын қолдаймыз!

Спанова Шарипа, 
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері


ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына Жолдауында: Ауылдық жастарды “Дипломмен ауылға” бағдарламасына 20 млрд теңге аударымын жасап мамандарға қолдау жасау жайында нақты тапсырма берілгендігі қуантты. Тағы өзекті мәселе оқулық сапасының төмендігі. Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту шараларын іске асырғанда ғана білім берудің және оқулық сапасының жақсаратындығын ерекше атап айтты.

Н.Мырзалиева, 
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері


БІЛІМГЕ БЕТБҰРЫС ЖАСАЛДЫ 

Бүгін, яғни 2 қыркүйек 2019 жыл, Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты тақырыпта Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып бұл мәселеге қатысты табандылық танытуы керектігін, үкіметке еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсыратынын жеткізді.

Жолдаудың “ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ” айдарында еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуын – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу нақты көрсете отырып, әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керектігіне тоқталды:

-Білім беру сапасын жақсартуда саналы ұрпақ- жарқын болашақ кепілі екенін, біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленбегенін, шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғандығына тоқталып өтті.

-Жылсайын 21мыңға жуық мектептүлегі кәсіби және жоғары оқуорындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білімберудің ұлттықстандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды тез арады түзетуіміз керек дей келе, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқандығын тілге тиек ете негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығын болдырмауды айтты. Сондықтан, “Дипломмен – ауылға” бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды, Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырғаны мені қуантты.

Дарындар, әсіресе, ауыл жастарынан шығып жатыр, оларға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына қол жеткізуге мүмкіндіктің қарастырылғаны көңілді көтерді.
Баса айта кететін жайт, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырғаны. Үкімет пен әкімдерге осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауына тапсырма беруі.

Президентіміз Жоғары білімнің сапасына да жеке тоқталып кетті. «Терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екені де жасырын емес. Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз»,- дегені, Президенттің сапалы білімге барар жолдың тетігін тапқаны еді.

Тағы бір өзекті мәселе. Мен С.Торайғыров атындағы №30 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінде 20 жылдық өтіліммен кейде оқулықтардағы кемшіліктер мен қателіктерді көргенде қынжыламын. Оқулық кей оқушының бағыт-бағдар алатын айнасы. Ал бағыт қате болса біз мұғалімдер үшін бұл өте қиын жағдай…

Одан кейін мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл тақырыпта Қасым-Жомарт Кемелұлы Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырып – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға өседі деген сөзінен ұстаздар қауымы қуанды. Сананы тұрмыс билейді емес пе? Тұрмысы оңалған, жағдайы жақсарған ұстаздың алдындағы шәкірттің шыңға шығуына аянбай қызмет ететініне кәміл сенім білдіремін және атамекеніміздің гүлденіп өсіуіне, болашағымыздың жарқын болуы үшін бірлесіп еңбек етуге шақырамын!

Елбасымыздың “Ел бірлігі – ең асыл қасиет” деген қанатты сөзі – барша қазақстандық отандастарымыздың қағидасы болсын!

А.Булекбаева, 
Мақтаарал ауданы С.Торайғыров атындағы № 30 жалпы 
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған