МАҚТААРАЛДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЯЛАРЫНДА “АДАЛДЫҚ САҒАТЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданының білім беру ұяларында “Адалдық сағаты” тақырыбында оқушыларға дәрістер өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы түсіндіріліп, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін үйрету болып табылады.

Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, аудан әкімдігінің мамандары қатыстырылып, адалдық туралы ойларымен бөлісті.

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында адалдық қазіргі таңда адамдарға ең қажетті құндылық екені, адалдық болмаса қоғам құлдырайтыны жөнінде әңгіме өрбіді.

“Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде жазылған. Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады” – деді М.Серікбаев.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған