МАҚТАЛЫ ӨЛКЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЗОР ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫ

2 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің алғашқы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын өте мұқиятпен тыңдадық. Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және тағыда да басқа көптеген мәселелер қамтылды.

Ендігі кезеңде ел Президентінің жолдаған Жолдауы жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатындығына нық сенімдіміз.

 

Құрметпен, 
Аудандық мәслихаттың 
хатшысы Қадыр Сарсекбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған