МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ПРОБАЦИЯ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында пробация үйі ашылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығының басшылары және мамандары қатысты. 

Пробация үйінің негізгі міндеті – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық, медициналық және заң тұрғысында көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, құжаттандыру, зейнетақы және жәрдемақыларды рәсімдеуге көмектесу болып табылады. Осылайша аталған іс-шаралар орталықтандырылып, қызмет атқару тәртібі мен реттілігі “бір терезе” қағидасы бойынша жеңілдетіліп отыр.

“Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23-қазандағы “Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы” №1131 қаулысына сәйкес, Мақтаарал ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық, медициналық көмектер көрсету бойынша “Пробация үйін” құру үшін аудан әкімдігі тарапынан қаулы қабылданған болатын. Міне, бүгін аталған үй пайдалануға беріліп отыр” – деді жиында сөз сөйлеген Бақыт Насырханұлы. .

Жалпы жыл басынан бері ауданымызда пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге пробация қызметі бөлімі тарапынан 43 адам жолданған болса, оның ішінде 21 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 1 адам жастар практикасына, 2 адам қоғамдық жұмыстарға, 6 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданса, 12 адам ауданнан бекітілген “Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту квотасына” сәйкес, “Ел су” ЖШС-не және Атакент кентінің ауруханасына жолданған. Сонымен қатар, 22 адамның отбасына “Атаулы әлеуметтік көмек” тағайындалған.

Қазіргі таңда пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша аудан әкімдігі тарапынан жұмыс жоспары бектітіліп, жоспарға сәйкес тисіті жұмыстар атқарылуда.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған