ПРОБАЦИЯ ҮЙІ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ ДЕГЕН ОЙДАМЫН

Құрметті жиынға қатысушылар!

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23-қазандағы “Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы” №1131 қаулысына сәйкес, Мақтаарал ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық, медициналық көмектер көрсету бойынша “Пробация үйін” құру үшін аудан әкімдігі тарапынан қаулы қабылданған. Міне, бүгін аталған үйдің тұсауын кескелі отырмыз.

Жалпы жыл басынан бері ауданымызда пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге пробация қызметі бөлімі тарапынан 43 адам жолданған болса, оның ішінде 21 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 1 адам жастар практикасына, 2 адам қоғамдық жұмыстарға, 6 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданса, 12 адам ауданнан бекітілген “Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту квотасына” сәйкес, “Ел су” ЖШС-не және Атакент кентінің ауруханасына жолданған. Сонымен қатар, 22 адамның отбасына “Атаулы әлеуметтік көмек” тағайындалған.

Қазіргі таңда пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша аудан әкімдігі тарапынан жұмыс жоспары бектітіліп, жоспарға сәйкес тисіті жұмыстар атқарылуда.

Ендеше, жаңадан ашылған пробация үйі – пробация есебінде тұрған адамдарға сапалы қызмет көрсетеді деген ойдамын.

 

Құрметпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

Асанов Бақыт Насырханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған