МАҚТААРАЛДЫҚТАР АРЫС ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

Арыс қаласының 8-ші секторына жауапты Мақтаарал ауданы әкімдігі мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сенбілік өткізді.

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров бастап келген 100-ге жуық қызметкерлер секторға қарасты жекеменшік үйлер мен қора-қопсылардың алдын, көшелердегі арық-атыздарды тазалап, жол бойларындағы шөптерді шапты. Ретсіз өскен ағаштарды бұтап, әктеп-сырлады. Сондай-ақ, үлкен жолдардың бойы мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты.

Тазалық іс-шарасына 8 техника қатысып, жалпы саны 42 камаз қоқыс шығарылған. 600 метр суағар тазаланып, 928 тал әктеліпті. Сондай-ақ, 3 көшеге жәулік су себілген.

Айта кетейік, Арыс қаласының 8-ші секторында негізгі құрылыс жұмыстары қыркүйек айының басында толық аяқталып қойған болатын.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған