МАҚТААРАЛДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сапарғали Жантөреев Мақтаарал ауданына арнайы келіп, сыблайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша білім саласының қызметкерлерімен мәжіліс өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков төрағалық еткен жиынға мемлекеттік қызметшілер, мектеп директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында сөз бастаған Б.Төребеков аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша мектеп директорларымен бірлесе айына бір реттен кем емес жиналыс өткізу керектігін ұсынды. Ал, басқарма басшысы Сапарғали Ниятуллаұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды әр адам өзінен бастау керектігін айтты.

“Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды әр адам өзінен бастау қажет. Балаларға үлгі боларлықтай ұстаз болсаңыздар, әріптестеріңіздің арасында адал қызмет атқарсаңыздар – осының өзі жеткілікті. Қазіргі таңда Президентіміз сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін күн тәртібінен түсірмей отыр, ол дегеніміз сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқындай береді деген сөз” – деді С. Ниятуллаұлы.

Жиын барысында басқарма басшысына ұсыныс-пікірлер айтылып, жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. С.Жантөреев қойылған сұрақтарға заң аясында жауап беріп, кейбір ұсыныстарды қолдайтынын айтты.

Мұнан соң қайта сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы құзырлы органдар Мақтаарал ауданында сыбайлас жемқорлық бойынша фактілер анықтап жатқанын және ол бойынша жауаптыларға тәртіптік шара көрілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мұндай іс-шаралар күшейтіле беретінін айтып, жиынды қорытындылады.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған