Жолдасым Қазақстанның азаматы болмаса да кейін зейнетақыдан құралақан қалмас үшін осы бастан зейнетақы қорына жарна аудара ала ма?

Менің жолдасым Өзбекстан азаматы. Бірақ Қазақстанда тұрақты тұрамыз. Осы жерде жұмыс істеп жатырмыз. Жолдасым Қазақстанның азаматы болмаса да кейін зейнетақыдан құралақан қалмас үшін осы бастан зейнетақы қорына жарна аудара ала ма?   

Әрине, Сіздің жұбайыңыз Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысуға құқылы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елімізде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарҚазақстан азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылуқұқығын пайдаланады. Бұл ретте жұмыс берушіге жеке басты куәландыратын құжатты (шетелдіктер үшін –шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) ұсынса болғаны, жұмыс беруші күйеуіңіздің жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аудара бастайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған