ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

Құрметті ұстаздар!
Сіздерді бүгінгі айтулы мереке Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деген екен ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге өлшеусіз.

Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті – жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап, қажетті кеңестермен сусындатады.

Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін.

 

Қадір Сәрсекбаев,
аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған