ИІРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайлаудан жеңіп шыққан Әбдіров Жарқынбек Жаппарұлы аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Иіржар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов жаңа басшыны округтің активіне таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, округтің белсенділері жаңа әкімнен көп үміт күтетіндерін жеткізді.

Жарқынбек Жаппарұлы 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген.

2009 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін Заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы “Ару” өндірістік кооперативінде есепші болып бастаған. Сондай-ақ, 2005 жылы “Қанай” өндірістік кооперативінде юрист-консультант болып еңбек етті.

2007 жылы Шымкент қалалық №1 халыққа қызмет көрсету орталығы Мақтаарал аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып еңбек жолын жалғастырған. Ал, 2010 жылы Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында оператор болған.

2011 жылы Мақтаарал аудандық сотының жетекші маманы, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 2012 жылы Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2016-2018 жылдар аралығында Түркістан облысының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы болып қызмет атқарған.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған