МАҚТААРАЛДА ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАЛАРЫ ӨТЕДІ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!
Бүгін, яғни 2019 жылдың 11-ші қазаны күні Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде төтенше жағдай бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу шаралары өтеді.
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауының дағдыларын қалыптастыру және халықты ұйымдастыру.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған