ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайлаудан жеңіп шыққан Тұранов Марат Есенұлы аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Жаңажол ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров жаңа басшыны округтің активіне таныстырды. Округ әкімі аппаратының мамандары, округке қарасты мектептер мен балабақшалардың директорлары, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен округ белсенділері қатысқан жиында жаңа басшыдан күтілетін нәтиже көп екені айтылып, бастап жатқан жұмысына сәттілік тілесті.

Марат Есенұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын “Ауыл шаруашылық өндірісіндегі бухгалтерлік есеп” мамандығы бойынша, 1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін “Халықаралық эконом қатынастары” мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы “Тұран” шаруа қожалығында есепші болып бастаған. 1997 жылы Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасында көші-қон полициясының аға инспекторы болған.

2004 жылдан бастап Мырзакент кенті әкімінің аппаратында мәдениет және әлеуметтік сала бойынша маманның міндетін атқарушы, кейіннен мәдениет және әлеуметтік сала бойынша маман және бас маман қызметтерін атқарды. Осылайша 2012 жылы Мырзакент кенті әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

2018 жылы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы болса, қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған