ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАП, ІСКЕ АСЫРУҒА ЖҰМЫЛАЙЫҚ!

2019 жылдың 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауын жариялады. Онда, халықтың арасындағы маңызды мәселелер көтеріліп, азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға, білім сапасын арттыру сияқты және адами құндылықты бағалау, зорлық-зомбылықпен тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарды болдырмау мақсатында алдын алу шараларын ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу керектігі айтылды. Келер жылдан бастап мәдениет саласы қызметкерлерімен бірге мұғалімдердің жалақысын 25% -ға өсіру, көп балалы отбасыларды баспанамен қамту қазіргі таңның басты мәселесі болып табылатынын айтып, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына жіберу мақсатында арнайы жол картасы жасалынатындығы өте құптарлық іс деуге болады. Келер жылды «Волонтер жылы» болып жарияландығы айтылды. Бұл: «еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет» – екендігін айтып өтті.Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін үкіметпен Президент әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет, еңбек өнімділігіннің нақты өсімін кем дегенде жеті- сегіз есеге арттыру сондай-ақ жаппай кәсіпкеркерлікті дамытуға, бизнеске қолдау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келеді, бірақ сол уақытқа дейін біз артық сөзсіз жұмыс істеуіміз керек. Біз этносаралық түсіністік пен достық қарым-қатынастарды нығайту үшін жұмыс жасауымыз керек. Елдегі ең үлкен этнос – қазақтың айналасында саясат құра отырып, оның бәрін жасауымыз тиіс. Жақын арада біз 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын қабылдап, әзірлеуіміз керек деп тапсырды.
Аудандық «Nur Otan» партиясының мәслихаттағы фракциясы да Жолдау міндеттерін жүзеге асыру мүдделестігінде қызмет атқарады. Сондықтан менің әріптестерім өз регламенті деңгейінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізін» алға жылжыту тетіктеріне сай заңдық актілердің әрекет жасауына белсенділікпен үлес қосатыны анық.

 

«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық
мәслихатындағы фракция жетекшісі,
аудандық мәслихаттың депутаты: Б.Жұманов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған