МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның ХҚКО бойынша Мақтаарал аудандық бөлімінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 24 қазаны күні «Мақтаарал» мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің «Жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға аудан әкімдігінің, ХҚКО, аудандық ауруханалар және аудан әкімдігіне қарасты қызмет көрсетуші дербес бөлімдердің мамандары қатыстырылып, шара барысында тұрғындарға ЭЦҚ алу, қызметтерді электронды үкіметтің «Egov.kz» порталы арқылы және EgovKzBot Telegram арқылы алу жолдары айтылды. Сондай-ақ, «Paper free» сервисі мен «Цифрлық агент» мобилдік қосымшасы кеңінен насихатталып, жарнамалық брошюролар мен қосымшаларды пайдаланудың ыңғайлы видео роликтері көрсетілді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған