“МАҚТААРАЛ БАРЫСТАРЫ” ЖҮЛДЕЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Мақтаарал ауданының мектеп оқушыларынан жасақталған “Мақтаарал барыстары” командасы жеңіспен оралды. Түркістан облысы Төле би ауданында 2003-2004 жылғы мектеп оқушыларының арасында баскетболдан өткен облыстық турнирде аудандағы Мырзакент, Абылайхан, Пушкин мектептерінің оқушыларынан жасақталған “Мақтаарал барыстары” құрамасы жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов жүлдемен оралып, ауданның абыройын асқақтатқан команда мүшелерін арнайы марапаттады. Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев қатысып, команданың жаттықтырушысы мен ойыншыларын таныстырып шықты. Аудан басшысы кез келген жетістік үлкен еңбекпен келетінін айтып, бұдан да биік жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, мақтааралдық барыстар 16 команданың арасынан Түркістан қаласынан кейінгі екінші орынды иеленіп отыр.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған