МАҚТААРАЛДА “ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ” АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Кеше Мақтаарал ауданының “Мақтаарал” мәдениет үйінде Елбасының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ақын-сазгер Сания Шамсидинованың “Тәуелсіздік және Елбасы” атты ән-жыр кеші өтті.

Сахна төрінде өзінің ізгі тілегімен кешті ашып берген аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков ақынға ризашылығын айта келе аудан әкімі Бақыт Асановтың алғыс хаты мен арнайы марапатын табыстады.

Алғыс хатта: “Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Мақтааралдың әппақ мақтасындай көңілден, жүректен шыққан көптеген ән-жырдың авторы ретінде өзгеше өнеріңізбен өлкеміздің атын танытып, елді сүйсінтіп жүргеніңіз үшін Сізге шынайы алғысымды білдіремін. Шығармашылығыңыз шыңдала түсіп, қаламыңыздың қарымы қарыштасын. Отбасыңызға амандық, өзіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Өнеріңіз өрге бассын!” – деп, аудан әкімі өзінің ізгі телегін арнаған.

Жалпы шығармашылық кеште ақын өзінің өлең жолдарын оқыды. Бұдан бөлек, Елбасы мен Үшқоңыр жайлы шығармаларын таныстырып, халықтың қошеметіне бөленді.

Айта кетейік, отан, махаббат, достық және имандылықты негізге алған С.Шамсидинованың шығармалары көпшіліктің көңілінен шықты. Өнерпаздар бірінен соң бірі сахнада ән айтып, терме тартып, жырлар оқыды. Кеш соңында, концерт авторы барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, қолдап, қоштағандары үшін алғысын айтты.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған