Аудан әкімінің “Өшпес өнер өрені” атты шығармашылық кеште сөйлеген сөзі

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті Сабырбек Дәніқұлұлы!

Біздің Мақтаарал ауданының халқы сізді кәсіби журналист, қарымды қаламгер ретінде жақсы таниды. Республикалық  «Жас қазақ», «Ақ Орда» газеттерінде және «Жалын», «Ақиқат» журналдарында жарық көрген шығармаларыңыз көпшілікке таныс.

Облыстық “Оңтүстік Қазақстан” газетінің Мақтаарал ауданы бойынша  меншікті тілшісі ретінде үлкен жұмыстар атқардыңыз. Сіз үнемі халықпен бірге болып, халықтың ішінде жүрдіңіз және бұл саладағы ерен еңбегіңіз басшылық тарапынан елеусіз қалған емес.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және облыстық мәслихат хатшысының құрмет грамоталары және төс белгілері, алғыс хаттары бұған дәлел.

Сіз ерең еңбегіңіздің арқасында 2005 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ең үздік жазушысы номинациясының, ҚР-ы Жазушылар Одағының облыстық филиалы белгілеген Садықбек Адамбеков атындағы сыйлықтың лауреаты, қоғам және мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың туылғанына 110 жыл толуына орай өткізілген «Тарих. Тағылым. Тұлға» атты республикалық байқаудың 1 орын иегері, 2006 жылғы Оңтүстік Қазақстан Журналистер Одағы тағайындаған Юрий Кунгурцев атындағы бәйгесінің лауреаты, 2013 жылғы ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ атындағы сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халықаралық Психология академиясының Құрметті мүшесі, биыл ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің “Баспасөз саласының үздігі” төсбелгесінің иегері, ТҮРКСОЙ-дың құрмет грамотасының иегері, Қазақстанның құрметті журналисті, қазақ журналистикасының қайраткері атандыңыз.

Біз сізді тек журналистика саласының майталманы  деп емес, жазушылық қырыңыздан да жақсы танимыз. Жарық көрген кітаптарыңыз бен еңбектеріңіз оқырмандар тарапынан лайықты бағасын алып үлгерген.  Драматургия, проза, сатира жанрларында да жасаған еңбектеріңіз өз нәтежиесін көрсетіп жатыр.

Сіздің “Қара көзілдірікті келіншек” аттың драмаңыз Мақтааралдың бұрынғы орталығы болған Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы драма театрда қойылып, күллі мақталы өлкенің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, дәл ос ықойылым Павлодарда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қойылып, жүлделі орындарды иеленді.

Құрметті Сабырбек аға!

Аудан халқының атынан сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін. Қаламаңыз ешқашан мұқалмай, қазақ руханияты үшін еңбек ете берсін!!!

 

Асанов Бақыт Насырханұлы,

Мақтаарал ауданының әкімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған