Мен таяуда 63 жасқа толдым. Қазір зейнеткермін. Бірақ жұмысымды одан әрі жалғастырып жатырмын. Әлі де істей бергім келеді. Менің білейін дегенім, зейнеткер болсам да жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұстала ма?

Жоқ, ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ олар өз еркімен ерікті жарналар аударуға құқылы. Бұл үшін БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін салымшының өзі белгілейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған