Менің жұбайым өзінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып еді. Алғашқы төлемді алып та үлгерді. Алайда ақылдаса келе бұл қызметтен бас тартуды жөн көрдік. Енді сақтандыру компаниясына аударған жинақтарымызды Қорға кері қайтара аламыз ба?

Өкінішке қарай, сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын Қорға қайтаруға мүмкіндік жоқ. Өтініштің күшін зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударғанға дейін ғана жоюға болады. Зейнетақы заңнамасы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының тиісті құжаттарын алған соң, оның зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына 10 жұмыс күні ішінде аударады. Демек алушы жеке басын куәландырушы құжатпен Қорға осы уақыт ішінде барып барып үлгеруі тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған