МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына ерекше назар аударған болатын. Ондағы басты мақсат – халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады.

Осыған байланысты, бүгін 21 қараша – Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнінде Мақтаарал ауданындағы мемлекеттік органдардың есігі тұрғындар үшін айқара ашылды.

Ауданның бірінші басшысы Бақыт Асанов аудан әкімінің аппаратында аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық дербес бөлім басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешуге барынша атсалысты.

Қабылдауда болған азаматтар негізінен ауыз су, газ, жол және әлеуметтік көмек пен тұрғын үйге қатысты мәселелер көтерді. Өз кезегінде аудан басшысы тұрғындардың сөзін мұқият тыңдап, айтылған әрбір мәселе бойынша заң аясында түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, бақылауға алынған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, таңғы сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін Мақтаарал ауданына қарасты кенттер мен ауылдық округ әкімдері де өз аппараттарында тұрғындарды қабылдады.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған