ЭКС-ДЕПУТАТ МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Оразкүл Асанғазиева мақтааралдық жастармен жүздесті.

Атакент кентінде орналасқан Мақтаарал аграрлық колледжінде өткен келелі кездесуге Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты. Кездесуді қазақ тілінің жанашыры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызының өмірі мен еңбек жолы жайында бейнеролик көрсетілді.

Жастармен еркін тақырыпта әңгіме өрбіткен мемлекет және қоғам қайраткері бүгінгі қоғамдағы олқылықтар мен жеткен жетістіктер, қазақы салт-дәстүр мен отбасындағы ұл, қыз тәрбиесі, ата-ананың отбасындағы рөлі мен орыны, қадір-қасиеті, баланың ата-ана алдындағы міндеттері мен парызы жайына кеңінен тоқталды.

“Қазіргі уақытқа бай адам – Сіздерсіздер. Сондықтан, қазірден бастап бәсекеге қабілетті болыңыздар, бір емес бірнеше мамандықты игеріңіздер. Ол үшін сіздерге елімізде барлық жағдай жасалған. Әлемді ауызына қаратқан елдердің өзінде жастарға біздегідей мүмкіндіктер қарастырылмаған. Сіздер бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, қанша биікке көтерілсеңіздер де қазақы тәрбие мен ұлттық болмысымызды сақтап қалыңыздар” – деген Оразкүл Асанғазықызы жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Қарапайым мұғалімдіктен бастап қызметтік баспалдақпен көтеріліп, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері деңнейіне дейін жеткен Оразкүл Асанғазиева кездесу соңында мақтааралдық жастармен естелікке суретке түсіп, оқуларына табыс тіледі.

Аудан жастарымен келелі кездесу өткізіп, өнегелі әңгімелері мен ақыл-кеңестерін айтқан қоғам қайраткеріне алғысын біллірген аудан басшысы иығына қазақы камзол жауып, сый-сияпат көрсетті.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған