ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ – ҰЛЫ ТҰЛҒА!

Құрметті мақтааралдықтар!
Еліміз үшін аса маңызды мереке 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтті. Онда халықтың басым көпшілігінің қолдауына ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті. Қазақстан халқы осынау тарихи таңдауы арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы алғашқы қадамын жасады.

Тұңғыш Президенттің жас мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи рөлі бүгінде айқын көріне бастады. Ұлт Көшбасшысының көрегендігінің арқасында Қазақстан дербес, әлемде өзіндік орны бар мемлекет болып қалыптасты. Экономикалық тұрғыда дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды.

Тұңғыш Президентіміз Қазақстанды саяси-экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытуымен шектелмей, халқымыздың ХХІ ғасырдың талаптарына сай рухани-мәдени тұрғыда кемелденуіне баса насар аударып келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты сүбелі еңбегі мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осы сөзіміздің айғағы. Бұл еңбектердің қай-қайсысы да ұлттық тарихымызды түгендей отырып, халықтың санасын жаңғыртуға негіз болмақ.

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті халқымыздың татулығы мен бірлігінің, Отанымыздың өркендеп алға басуының басты шарты бола білді. Егеменді ел болған Қазақстан ширек ғасыр уақыт аралығында ұлттық бірліктің үлгілі модельіне айналды. Бұл – бүкіл елдің ауызбіршілігі арқасында келген бақыт. Қазақстан – бір тұтас жер, бір тұтас халық, бір тұтас болашақ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді сараласақ, Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, баянды бақыт, мол қуаныш тілеймін. Қашан да тұғырымыз – тыныштық, тірлігіміз – тұрақтылық, тілегіміз татулық болсын!

Ізгі құрметпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
АСАНОВ БАҚЫТ НАСЫРХАНҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған