Мақтаарал ауданының “Мақтаарал” мәдениет үйінде 04.12.2019 жылы сағат 10:00-де “Дәстүрлі құндылықтар керуені” тақырыбында іс-шара өтеді.
Аудан тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлықты ұстанымы бойынша тұрғындарды ақпараттандыру – іс-шараның басты мақсаты болмақ.
Осыған орай барша аудан тұрғындарын іс-шарамыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз!..
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі