Аудан әкімінің ҚР Мәслихатының 25 жылдығында сөйлеген сөзі

Құрметті жерлестер!

Қадірлі мәслихат депуататтары!

Біздің тәуелсіз еліміздегі алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізілді. Биыл жаңа толқынды танытқан жергілікті өкілетті билік органдары – мәслихаттарға 25 жыл толып отыр. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Өкілеттіктері мен біліктіліктері артқан аудандық мәслихаттың депутаттар корпусы – қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, ішкі саясаттың тұрақтылығын сақтауға, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. Елдің дамуымен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да өзгеріп отырады, сондықтан да әрбір шақырылымдағы мәслихаттар аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып, қоғамдағы орнын өз деңгейінде ұстап келеді.

Әрбір депутат 10 мыңнан астам өз сайлаушылары атынан сөйлейді. Сондықтан да, халық қалаулысы атану оңай шаруа емес, қаншама мыңдаған халықтың сенімінен шығу үшін аянбай еңбек ету керек. Аманаттардың орындалуы бойынша ұдайы есептер беріліп тұрады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес мәслихаттың рөлі арттырылып, халық қалаулылары арқылы маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдері сайланды.

Мәслихатты, депуттаттарды қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан да, кейбір мәселелерді қарау барысында депутаттардың белсенділігі арнасынан асып та жататындығы жасырын емес. Бұл демократиялық қоғамдағы қалыпты жағдай.

“Бірлік бар жерде – тірлік бар” дейді дана халқымыз. Ауызбірлік пен түсіністік, сыйластық үстем құрған жерде қашанда нәтижелі істің болатыны белгілі. Билік тармақтарының алдында тұрған ең басты мақсат – мемлекетімізді одан әрі нығайту, Қазақстанды “Мәңгілік ел” ету. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болып, Тәуелсіз еліміздің абыройы асқақтай берсін!

БАҚЫТ АСАНОВ,

Мақтаарал ауданының әкімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған