МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА БІРНЕШЕ АЗАМАТ “АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ” АТАҒЫН АЛДЫ

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі Б.Асанов қатысып, жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады.

“Қымбатты мақтааралдықтар! Санаулы сағаттардан кейін күнтізбенің жаңа парағын ашып, 2020 жылды қарсы алғалы отырмыз. Жаңа жыл барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке. Тарихи қалпына келген Мақтаарал ауданының экономикасын көтеріп, тұрғындардың әлеуетін арттыру жолында бірігіп еңбек етейік. Сіздерді жаңа жылмен шын жүрегіммен құттықтаймын! Тышқан жылы әрбіріңіздің отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке алып келсін!” – деді Бақыт Насырханұлы.

Жиын барысында аудан басшысы бірнеше азаматқа “Мақтарал ауданының құрметті азаматты” атағын беріп, арнайы марапаттады. Сондай-ақ, сөз алып, сахна төріне шыққан аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев та қасиетті мерекемен жұртшылықты құттықтап, мол табыс тіледі.

Мұнан соң аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жастар жылын қорытындылады. Сондай-ақ, әр сала бойынша үздік атанған жастарды аудан басшысы марапаттады.

Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар қалың көрерменнің қошеметіне ие болды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған