МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ ӨТТІ

Кеше Мақтаарал ауданының “Жастар” гүлзарында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық кеш өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, аудан тұрғындарын жаңа жылмен құттықтады.

“Қымбатты мақтааралдықтар! Санаулы сағаттардан кейін күнтізбенің жаңа парағын ашып, 2020 жылды қарсы алғалы отырмыз. Жаңа жыл барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке. Тарихи қалпына келген Мақтаарал ауданының экономикасын көтеріп, тұрғындардың әлеуетін арттыру жолында бірігіп еңбек етейік. Сіздерді жаңа жылмен шын жүрегіммен құттықтаймын! Тышқан жылы әрбіріңіздің отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке алып келсін!” – деді Бақыт Насырханұлы.

Жаңа жылдық кеште аудан басшысы балаларға өз атынан сыйлықтар таратып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, жүргізушілер тарапынан түрлі ойындар ойнатылып, өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.

Іс-шараның соңы от шашуға ұласып, аудан тұрғындары жаңа жылды ерекше ықыласпен қарсы алды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған