АУДАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов ауданның кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, аталған бөлімнің жаңа басшысын таныстырды.

ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29, 30 баптарына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып Мырзамдамов Өсер Тастемірұлы тағайындалды.

Ө.Мырзамдамов 1969 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Әскери сыныптық шені – лейтенант.

Еңбек жолын 1993 жылы Киров ауданындағы мақта кеңшарында ауыл шаруашылығы машиналары жөніндегі инженер болып бастайды. 1996 жылы Мақтаарал ауданындағы “Ақтөбе” өндірістік кооперативінде инженер-механик болып жұмысын жалғастырған.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасында бас маман-мемлекеттік техникалық қадағалау инспекторы міндетін атқарушы болып тағайындалған. Бір жылдан кейін бас маман-мемлекеттік техникалық қадағалау инспекторы болды. Дәл осы жылы бас маман-мемлекеттік инженер инспекторы болып жұмыс істеді. Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының атауы Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы болып өзгерген болатын.

2013 жылы Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып, 2015 жылы дәл осы бөлім басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2016 жыл ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2017 жылы қайтадан бөлім басшысының орынбасары болып жұмысын жалғастырды.

Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып еңбек етіп келген болатын.

 

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған