МАҚТААРАЛДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДАУ ТУДЫРМАУЫ КЕРЕК

Мақтаарал ауданында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы бақылауды күшейту, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және тәуекелдерін жою тақырыбында жиын өтті.

Ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков төрағалық еткен жиынға аппарат қызметкерлері, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса және әлеуметтік сала мамандары, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: “Атаулы әлеуметтік көмекке қайта орала отырып, Үкіметке ашықтықты, әділеттікті қамтамасыз ететін және жайма-рахат өмір сүрудің орнына еңбекке ынталандырылатын АӘК тағайындау тетігін түзету керек. Көмек негізінен жұмыс істейтіндерге берілуі керек. Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға қамқорлық жасау қажет. Осы шаралардың барлығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі керек” – деген болатын.

Жиын барысында сөзге шыққан ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Мырза АӘК-тің жаңа моделі бойынша 2020 жылдан бастап көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасылар мемлекеттік жәрдемақы, АӘК-тің дәстүрлі қалпы және кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер бойынша мемлекеттік көмек алып жатқандарын атап өтті.

Бөлім басшысы АӘК-тің ескі моделімен салыстыра отырып жаңа моделді түсіндіріп берді. АӘК тағайындау мерзімі тоқсан сайын болатынын, АӘК-тің мөлшері барлық отбасы мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде жүретінін, жұмыстан бас тартқан жағдайда АӘК құқығынан отбасы мүшелерінің барлығы айрылатынын, учаскелік комиссиялардың зерттеу-тексеру бойынша критерийлерін айтып берді. Сонымен қатар, кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер туралы да кеңінен түсіндірді.

Айта кетейік, АӘК-тің жаңа форматы туралы толығырақ аудан әкімдігінің maktaaral.gov.kz ресми сайтынан біле аласыздар.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған