Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады

Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. Әдеттегідей, egov.kz порталы – сіздің басты көмекшіңіз.
ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады.
Бұл үшін👆🏻
✅Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
✅«Электронды өтініштер» сервисін таңдаңыз
✅Мәліметтеріңізді енгізіп, өтінішіңізді қалдырыңыз
✅ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттік органға жолдаңыз

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған