«Онлайн неке» атты байқау басталды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЭЦҚ көмегімен өтініш бере отырып, жақын арада некесін тіркеген жұптар арасында «Онлайн неке» атты байқауын бастады.
Байқауға қатысу шарттары өте оңай. Ол үшін:
🔺 Өздеріңіздің танысу хикаяларыңызды, некені тіркеуге онлайн-өтініш бергеніңіз және ХҚО-ға бармай-ақ мемлекеттік қызметті алғаныңыз жайлы пост жазып, әсерлеріңізбен бөліссеңіздер болғаны.
🔺 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын gov4c.kz постта белгілеп, байқаудың нәтижесі шыққанға дейін аккаунтты ашық қалдырыңыз.
• Байқауды 14 ақпанда қорытындылап, 3 жеңімпаз таңдалады. Басты жүлдегер ең көп лайк саны бойынша анықталады. Тағы екі жеңімпазды дауыс беру әдісімен таңдаймыз.
Жүлделер әрі пайдалы, әрі жағымды болатынына сеніңіздер😉
#Онлайннеке

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған