АУДАН ӘКІМІ ЖАМБЫЛДЫҚТАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады. Жиын барысында округ тұрғындары көкейде жүрген мәселелі сұрақтарын қойып, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

2019 жылы Жамбыл ауылдық округінде 937,1 миллион теңгеге құрылысы жүрген 300 орындық Қ.Үкібаев жалпы орта мектебі пайдалануға берілген. Сонымен қатар, 120 миллион теңгеге Көкпарсай елді мекеніндегі С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген.

Өткен жылы округ аумағында 2850 метр көшеге асфальт, 9800 метр көшеге тас төселген. Сондай-ақ, “Оңтүстік Жарық” АҚ-нің есебіндегі 12500 метрге, яғни 380 дана электр бағаналары мен сымдары жаңартылған. Округтегі Андреевка және Октябрь елді мекендерін газға қосу жұмыстары да жүргізілген.

Округ аумағының кіреберсіне заманау үлгіде төлқұжат орнатылып, 13 көшеге тұрғындардың демеушілігмен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш те демеушілердің көмегімен толық ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Жамбыл ауылдық округі әкімінің шешімімен Жамбыл елді мекеніне спорттық ойындар алаңшасын салу мақсатында 2700 шаршы метр жер учаскесі бөлініп, округ балансына алынған. Қазіргі таңда төртінші дәрежелі бюджет есебінен, яғни округ тұрғындарынан жиналған салықтан 7,5 миллион теңгеге спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген.

Айта кетейік, есептік жиын барысында Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары негізінен жол, аяқжол, канал құрылысының мәселелерін көтерді. Аудан әкімі тұщымды жауабымен жиынға қатысушылардың көңілінен шығып, тұрғындар тарапынан “жақсы” деген баға алды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған